Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

5 адамнан тұратын бірінші топ Ордабасы ауданының аумағында 5 рет жылқы ұрлаған, осындай қылмыстық әрекеттері барысында 26 бас малды ұрлап кеткен.

Ал, 3 адамнан тұратын екінші топ Арыс ауданының аумағында тегіс ұңғылы мылтықпен ату арқылы 4 рет жылқы ұрлаған, бұл топ 19 бас малды қолды қылған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден айғақ заттар ретінде: 2 жылқы, 1 дана тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «Газель» маркалы автокөлік, «БМВ-520» маркалы автокөлік тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізілуде, айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ұсталған адамдардың басқа да  қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Жоғарыда көрсетілген істерді ағымдағы жылдың қаңтарында сотқа жолдау жоспарланып отыр.