Шымкент – Самара тас жолында жантүршігерлік көлік апатынан бес жастағы екі бала мен 15 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі.
Сонымен бірге екі жүргізуші ауруханаға жеткізілген, олардың бірі медициналық мекемеде жан тапсырды.
"Бейсенбі күні "Шымкент - Самара" жолының 115-ші километрінде Daewoo Nexia жеңіл көлігі мен Hyundai Starex минивэні соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі ересек адам мен екі баланы жедел жәрдем алып кеткен. Бірақ балалар ауруханаға апарар жолда көз жұмды, ал жеңіл көліктің жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды", - делінген ішкі істер министрлігі хабарламасында.
Оқиға орнына облыстың полиция департаменті бастығы аттанған.