Түркістан облысындағы су тасқыны әуеден видеоға түсірілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған видеода үйлер су айдынына жақын салынғанын, бұл үйлерді су басу қаупі әу бастан жоғары екенін көрсетеді.

Қазір Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай арнасында еріген қар суы мен жаңбыр суы молынан тасып жатыр.

Loading...

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері түні бойы суды сору және инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жалғастырды.

Бұл ретте "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі - жаңбыр, қар, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы, қардың қарқынды еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі.