"25 адам көмекке жүгінді, сегіз адам Сайрам аудандық ауруханасына жатқызылды. Үшеуі жансақтау бөлімінде, екеуі облыстық клиникалық ауруханаға жіберілді. Тағы үшеуі облыстық балалар ауруханасына түсті. Бәрінің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында", - деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Төлеген Құралбаев.
Еске салайық, мұның алдында Түркістан облысында 21 адам отырған жолаушылар автобусының аударылып кеткені хабарланған болатын.