Түркістан облысының құтқарушылары нөсер жаңбырдың салдарын жойып жатыр

7 қараша күні сағат 17:30-дан бастап Түркістан облысында жаңбыр түрінде үздіксіз жауын-шашын жауды.
Табиғи құбылыстар салдарынан Төле би ауданының жеке балабақша ауласын және жеке сектордың 25 аула аумағын су басты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы облыстың ТЖД-не сілтеме жасап. 

Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында.

Тиісті күштер мен құралдар қалыптасты.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суды сорып шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта 200-ден астам қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарлануда. Атаулы көмек көрсетілуде. Алдын алу сипатындағы жұмыстар жалғастырылуда.
Қазгидромет мамандарының мәліметінше ағымдағы жылдың 8 қарашасында да өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.