Түркістан - Сексеуіл бағытымен шыққан поездың ішінде өрт болды

ТЖМ ақпараты бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы №20 разъезінде 19 мамырда 14 сағат 20 минутта Түркістан - Сексеуіл бағытымен шыққан № 615 жолаушы поезі тепловозының қозғалтқышының поддонында өрт шықты.

"Тепловоз поездан бөлінгеннен кейін, өрт поез машинистерінің күшімен 14 сағат 40 минутта сөндірілді. Поез қозғалысы 29 минутқа тоқтатылды", деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.