Түркістан театрының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

"Қаржы полициясы жүргізген тексерулдердің барысында театр директорының бас есепшімен ымыраласу арқылы 2005 - 2008 жылдар аралығында театр қызметкерлерінің атынан басқа облыстар мен қалаларға гастрольдерге барды-мыс деп жалған ведомость жасап келгені анықталды. Сондай-ақ, олар мәдениет үйлерін жалға алу шарттарын да қолдан жасаған. Соның нәтижесінде олар 5 млн жуық теңгені ұрлаған. Бұған қоса театрда жалған адамдарға ақша есептеліп келген. Белгілі болғанындай, өзінің қызметтік құзыретін пайдаланған театр директоры 2006-2008 жылдар аралығында бас пайдасы үшін театрда іс жүзінде жұмыс істемеген бес қызметкерге 2,5 млн теңгеден астам қаржыны жалақы түрінде есептеткен", - делінген хабарламада.

Қаржы полициясының мәліметінше, жалпы алғанда драма театрының басшылығы 23 млн астам теңге бюджет қаржысын иемденіп алған немесе талан-таражға салған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Түркістан аймақтық қаржы полициясы басқармасының қызметкерлері драма театрының директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы мен 314-бабы бойынша қозлған қылмыстық істерді және осы театрдың есепшісі мен кассирінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істерді тексеруде. Қазір алдын-ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.