Түркістанда бойжеткен қонақ үйдің 6-қабатынан секіріп кеткен

"НеМолчиKZ" ҚҚ деректеріне сәйкес оған  клиент табылған, ал ақысына 70 мың сұраған екен. Клиент екі сағатқа төлеген. Қонақ үйде қыз қызмет көрсетуден бас тартқан, сөйтіп клиент оны сол бөлмеге қамап тастаған. Кейіннен қордың мәліметіне сәйкес қонақ үй бөлмесіне үш әйел кіріп, оны соққыға жығып, балконға қамаған. Салдарынан жәбірленген бойжеткен  алтыншы қабаттан секіріп кеткен.

Түркістан полициясының хабарлауынша, қонақ үйлердің бірінен шақырту түскен. Аталған дерек "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша тіркелді.

Бойжеткен - Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек берілді. Тергеу барысында оқиға куәгерлері, қонақ үй қызметкерлерінен жауап алынды. Сондай-ақ бақылау камералары тексеріліп, заттай айғақтар алынды,  - деп мәлімдеді облыстық полиция баспасөз қызметі. 


Әзірге полиция тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижесіне қарай, қызметкерлер процессуалдық шешім шығаратын болады.