Түркістанда өз өзін өртеген 20 жастағы жігіт қайтыс болды

Ауруханаға денесінің 90 пайызын күйік шалып түскен 20 жастағы жігіт 13 желтоқсанға қараған түні қайтыс болды. Марқұмның денесі мәйітханада. Туғандары құжаттардың бәрін рәсімдеп, алып кетеді, – дейді Хамза Досжанов.

Түркістанда өз өзін өртеген 20 жастағы студенттің ауруханаға түскенін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің (ОҚО ІІД) баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына өз өзін өртеу туралы хабар 7 желтоқсан күні түнде ауруханадан жеткенін мәлім еткен. Полицияның айтуынша, алдын ала тексеру барысында қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын студенттің өз өзін өз үйінде өртегені анықталған. Жігіттің денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Қаракөзованың сөзінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша («өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Loading...