Түркістанда жер комитетінің маманы пара алғаны үшін ұсталды

Түркістан жер комитетінің маманы жер учаскесін алуға құқық беретін құжаттарды тез арада рәсімдеп беру қызметінің пұлына 500 доллар көлемінде пара талап еткен.

2004-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері пара талап ету деректері бойынша 13 қылмыстық іс қозғады. Бес іс сотқа жолданды. Пара алғаны үшін ұсталғандар арасында сот үкімін орындатушылар, салық инспекторлары, ауыл әкімдері мен ІІМ қызметкерлері бар.