Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Түркістан жол полиция басқармасының ауданаралық тіркеу-емтихандық бөлімінің бастығын, полиция капитанын өзінің бөлмесінде пара алғаннан кейін ұстаған. "Полиция офицері жергілікті тұрғыннан көлігінің техникалық құжатын рәсімдеп беруді жеделдету үшін 20 мың теңге бопсалаған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегілердің түсіндіруінше, аталмыш дерек бойынша тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы бойынша (лауазымды тұлғаның пара алуы) қылмыстық іс қозғады.