Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Телеграм арналардың бірінде Түркістандағы өзбектердің "көршілес ауылдың малдарын өз ауылы маңына жолатпаймыз" шуылдасып жатқан видеосы тарап жатыр. Ішінде бір адамның өзбек тілінде қазақтарға қарата тіл тигізіп, қатты сөйлеп жатқаны байқалады.
"Видеоны жолдаған Ердәулет есімді оқырманымыздың айтуынша, оқиға Төлеби ауданының Ханарық елді мекенінде болған.Осы уақытта өзбектер тарапы қазақтардан кешірім сұраған деген дерек те жетті", делінген Адырна.кз телеграм арнасы таратқан ақпаратта.