Түркістандық әйел бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Orda.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан қалалық прокуратураның мәліметінше, 27 жастағы ана қазіргі таңда қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

– Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын бастады. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті, – делінген хабарламада.