"Түркістанэнерго" компаниясы аукционда сатылды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Түркістанэнерго"ААҚ 2004-жылдың маусым айында банкрот деп жарияланған. Қыркүйек айында ол "Қазақстанның коммуналдық желілері" АҚ-ның салалық бөлімшесі болып табылатын "Оңтүстік жарық" ЖШС-не сенімді басқаруға берілді. ол "Қазақстанның коммуналдық желілері" - "Энергоцентр-3" АҚ-ның қожайыны. Ал соңғысының құрамына Шымкент тұрғындарының 70 процентін жылумен қамтамасыз ететін 3-ші Жылу электр орталығы енеді. "Оңтүстік жарық" ЖШС-нің өзі Шымкент шина зауытын меншіктенетін республикалық "Ордабасы" корпорациясының құрамында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кеше "Ордабасы" корпорациясы басқармаларының төрағасы Дінмұхаммед Ыдырысовты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев қабылдады. Сұхбат барысында Д.Ыдырысов "Ордабасы" корпорациясының облыста бірнеше бағытта жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Д.Ыдырысовтың айтуынша, соңғы бес жылда 1 млрд. теңге көлемінде инвестиция жұмсап, энергетикалық кешенге қатысумен бірге корпорация Арыс көлік торабының төңірегінде кәсіпорындар желісін құруды көздеп отыр. Сондай-ақ, Шымкент шина зауытының негізінде резеңке өнімдер шығаратын кластерлік кешеннің іргетасын қаламақшы. Кластерлік кешен 2005-жылдың сәуір айының аяғында іске қосылады деп межеленген.