Түркістан-Шиелі бағытында жолға шыққан жүк пойызында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, Сауран-Бесарық темір жол өткелінің 3066-шы шақырымында , қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 4 маусымда 05 сағат 40 минутта Түркістан-Шиелі бағытында жолға шыққан № 2221 жүк пойызының ТЭ-10У тепловозының қозғалтқышының поддоны жанды.

Өрт 07 сағат 15 минутта сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.