Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің үшінші саммиті Декларацияға қол қоюмен аяқталды

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Габала қаласында (Әзербайжан) Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ІІІ саммиті өткен болатын.

Саммит жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Абдулла Гүл және Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев қатысты.


Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің үшінші саммитінің негізгі тақырыбы көлік және кедендік ресімдеулерді жеңілдету салаларындағы ынтымақтастық мәселелері болды.

Іс-шара барысында сондай-ақ ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына қатысты мәселелер қаралды.