"Анадолы" агенттігінің ақпаратына сәйкес, Түркия сыртқы істер министрі Абдулла Гүлдің таяудағы бір сұхбатында атап көрсеткеніндей, 2007-жылы Түркияда сайлау өткелі отыр, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау "қатаң жұмыс кестесіне бағынуды талап етеді". "Біздің пайымдауымызша, аталмыш ұйым аясындағы іс-қызметкер уақыт бөлуге біздің шамамыз жетпейтін шығар",- деді министр.
Бұған дейін ішінде Армения бар бірнеше ел Түркияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауына қарсылық білдірген.
Қазақстандағы Түркия елшілігі KZ-today тілшісіне берген сұхбатында республиканың 2007-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау идеясынан бас тартқаны жөніндегі ақпаратты растады. Алайда, елшілік толыққанды ақпарат бере алмады. Олардың айтуынша, "бұл ақпарат олар үшін де жаңалық болған".