Түркия азаматы Қазақстаннан $100 заңсыз әкетпек болған

Алматы әуежайында қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері «Алматы – Ыстамбұл» бағытындағы ұшақпен 100 мың АҚШ долларын өткізбек болған Түркия азаматын ұстады, деп Алматы бойыгша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


           Кедендік тексеру кезінде кедендік декларацияда көрсетілмеген 100 мың АҚШ долларын жасырын өткізбек болған 1978 жылғы Түркия азаматы ұсталды.
           Сонымен қатар, Алматы әуежайында "Алматы-Шарджа" әуе бағытының жолаушысы ұсталды. Одан декларацияда көрсетілмеген 75 мың $ тәркіленді.
           Қазіргі кезде осы фактілер бойынша тексеру жүруде.