Түркия билігі Анкарадағы жарылысты «теракт» деп мәлімдеді (ВИДЕО)

Бұл туралы Gazeta.ru "Рейтер"-ге сілтеме жасап хабарлады.

Анкарадағы әскерилер жатақханасы маңында жойқын жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты, тағы оншақтысы жарақаттанды.

Алдын ала деректерге қарағанда, осында тұрған автомобильдегі бомба іске қосылған. Осы оқиғаға байланысты Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы Брюссельдегі СІМ басшылары кездесуіне сапарын тоқтатты.