«Былтыр Түркия мемлекеті Германия, АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Кореяны артқа тастап, Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің ондығына енді. Осы елдің бізге салған инвестициясы 2 млрд. доллардың көлемінде болып тұр. Қазақстан болса, әзірше 500 млн.-дай ақша салып отыр. Дейтұрғанмен, жақында Түркия жерінде жылжымайтын мүлікке қаржы салуға рұқсат берілгенін ескерсек, қазақстандық қаржының көлемі өседі деп ойлаймыз», - деп атап көрсетті Е. Қайыров.
Айта кетейік, өткен жылы екі елдің өзара сауда-саттығы 4 млрд. долларға жеткен.