Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан асты


 1 миллиондай адам уақытша орталықтарға орналастырылған. «БҰҰ қос мемлекетте табиғат апатынан көз жұмғандар қарасы артып, 40 мыңға жетуі мүмкін деп отыр. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ», - дейді ұйым басшысының орынбасары Мартин Гриффитс.
"Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел өздерінің құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді бізге табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек", - деген БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс.