Түркия парламенті өкілдерінің төрағасы Қазақстандағы сайлаудың демократиялық сипатта өткенін атап көрсетті

Өкілдердің жетекшісі, Түркия-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы Реджеп Озел Қазақстандағы сайлаудың ашық әрі демократиялық сипатта өткенін атап көрсетті.

Оның айтуынша, жаңа сайлау заңының негізінде өткізілген сайлау "Қазақстанның демократия мен ілгерілеушілікке бағыт түзеген жолындағы ең бір елеулі оқиғаның бірі болды". Сондай-ақ, Р.Озел қазақстандықтардың ерік білдіру қорытындысын тез арада шығаруға мүмкіндік берген "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесін қолданудың дұрыстығын атап өтті.
Сұхбатқа қатысушылар сондай-ақ екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейту жолдары мен экономикалық әріптестіктің перспективасын талқылады.