Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы қызметінен кетпек


Бұл туралы РБК хабарлады.  

Түркия саясаткері Ахмет Дәуітоғлы өзінің шешімі туралы партияның штаб-пәтерінде мәлімдеді. Дәуітоғлы басқарушы партияның кезектен тыс съезінде қайта сайланбайтынын айтты.

«Президентпен кеңесулерден кейін мен партия көшбасшысын және премьер-министрді ауыстыру жақсы болады деген пікірге келдім», - деген Дәуітоғлының сөздерін  келтіреді The New York Times. Ол басшылықты ауыстыру «партияның бірлігін сақтап қалу үшін бейбіт әдіспен өткізілуі тиіс», екенін атап өтті.