Кездесу барысында екі ел арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы, алдағы іс-шаралары талқыланды. Түркия президенті бұл қатынастардың даму қарқынын жоғары бағалай келіп, Қазақстанда табысты жүріп жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік реформаларға әркез қолдау білдіретінін, әрі бұндай жетістіктер бауырлас Түркия елі үшін де үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Бұл ретте, Түркия Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың стратегиялық көреген басшылығына айрықша мән беретінін мәлімдеді.
А.Гүл екіжақты қатынастарды дамытуда Қазақстан елшілігінің атқарған қызметін жоғары бағалап, сәт-сапар тіледі.
Өз кезегінде Б.Исабаев Түркия президентіне ризашылығын білдіріп, бауырлас екі ел арасындағы қарым-қатынастар алдағы уақытта да лайықты жалғасатынына сенім білдірді.
Кездесу соңында А.Гүл Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевқа өзінің шынайы достық сәлемін жолдады.