Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді

Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Осы ретте, үстіміздегі жылдың 3 қарашасына жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы», - деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.

Еске салайық, Түркі мемлекеттерінің 10-шы мерейтойлық саммиті Түркістан қаласында өтеді.