Түркия президенті Роналдудың болашағына қатысты ойын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Егер Роналду секілді әлемдік деңгейдегі ойыншыны матч бітуіне жарты сағат қалғанда немесе небәрі 15 минутқа шығарса, онда сөзсіз футболшының көңіл-күйі түсіп кетеді. Жүйкесіне әсер етеді. Маған жеткен ақпарат бойынша Криштиану Сауд Арабиясы чемпионатына ауысады", - деп келтірді президенттің сөзін Goal.com.

Еске салайық, Роналду қараша айында "Манчестер Юнайтедтен" кетіп, еркін агент атанды. Ойыншының клубтан кетуіне бас бапкер Эрик тен Хагпен арасындағы қарым-қатынасы әсер еткен. Қазіргі таңда БАҚ өкілдері португалиялықтың Сауд Арабиясы чемпионатына ауысатыны жайлы жазуда.