Түркия Қазақстан әскеріне джип автокөліктерін берді

Мүліктерді табыс ету шарасы ҚР қарулы күштеріне тегін әскери көмек көрсету туралы Қаазқстан-Түркия үкіметаралық келісіміне сәйкес жүзеге асырылды. Рәсімге ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев пен Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Танер Себен қатысты.

Сый-сыяпатты қабылдап алған М.Алтынбаев жабдықтар мен техника лаңкестікпен күресті күшейту үшін арнаулы күштерге табыс етілетінін жеткізді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, 1998-2004-жылдар аралығында Түркия Қазақстанға 5 млн. доллардың әскери көмегін көрсетті.