Түркия Қазақстанға 900 мың доллардың әскери-техникалық көмегін көрсетеді

Бұл көмек бүгін, 28-қарашада басталған Түркияның әскери өкілдерінің елімізге сапары аясында қол қойылған хаттаманы жүзеге асыру үшін көрсетілмек. Бұл хаттама ҚР қорғаныс минисрлігі мен Түркия бас штабы арасында 2005-жылдың 1-қарашасында қол қойылған тегін әскери көрсету туралы үкіметаралық келісімді атқару хаттамасы болып табылады.

Қазіргі жағдаймен екі жақты әскери ынтымақтастық жоспарының аясында Түркия Қазақстан армиясына 6 млн. доллардың көмегін көрсетті. Елімізге жүрдек автокөліктер мен байланыс құралдары жеткізіліп, 300-ден астам әскери қызметкерді оқытуда көмек көрсетілді.
Сапар аясында Түркиялық өкілдер ҚР қорғаныс министрлігінің әскери шет тілдер институтын аралап, "Азия Хаммер" техникалық қызмет көрсету орталығын аралайды. Өкілдердің елімізге сапары 30-қарашада аяқталады.