Түркия Қазақстанның ақпараттық кеңістігіне белсенді араласа бастауы ықтимал

деп санайды қазақстандық саясаттанушы, "Тәуекелдіктерді бағалау тобының" директоры Досым Сәтпаев.

"Республикада қазақ тілді халықтың пайызы өсіп келеді, демек орыс тіліндегі емес ақпаратқа сұраныс арта түспек. Яғни, белгілі бір уақыттан соң мұнда ресейлік БАҚ-ның ықпалы азаюы ықтимал. Сол кезде өте бір белсенді ойыншы-Түркия ақпараттық кеңістікке араласа бастауы мүмкін. Ол қазірдің өзінде түркітілдес экономикалық және ақпараттық кеңістік құруға белсенді атсалысып отыр, тіпті түркітілдес елдер, ең алдымен Түркия, Әзірбайжан,Қазақстан және Қырғызстан арасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру идеясы да болған", деді ол Алматыда бейсенбіде тәуекелділік –менеджмент жөніндегі X халықаралық конференция барысында.

Саясаттанушы атап өткендей, қазіргі уақытта қазақстандық ақпараттық кеңістік бәсекеге қабілетті емес.


"Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің негізгі бөлігін мемлекеттік медиа-құрылымдар немесе белгілі бір топтармен қосылғандар құрап отыр. Олар ғаламдық медиа ойыншылармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті емес. Яғни, Қазақстанның ақпараттың кеңістігі шалғайда қалып, республика бөтен ақпарат пен идеологияның тұтынушысы бола түседі. Ал бұл бүкіл саяси жүйеге қауіпті", деді ол.