Түркия Сирияда жер бетінде операция өткізу мүмкіндігін жоққа шығаруда

Түркияның біржақты тәртіпте Сирияда жер бетінде операция өткізейін деген ойы жоқ, деп хабарлады жұмада Түркия президентінің баспасөз хатшысы және кеңесшісі Ибрагим Калым.


"Біз коалиция (АҚШ басқаратын –ИФ) қағидаларына сәйкес қимылдаймыз деп бірнеше рет айтқан болатынбыз, сол себепті Сирияға Сауд Арабиясымен, болмаса басқа бір елмен біржақты басып кіру дайындығы талқыланған емес», деді ол.