Түркия сыртқы істер министрі Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салу жобасын жүзеге асыру барысы туралы талқылау үшін Бакуге келеді

KZ-today тілшісіне Әзербайжан сыртқы істер министрлігінен хабарлағанындай, сапар барысында Түркия сыртқы істер министрі президент Ильхам Әлиевтің, парламент жетекшісі Муртаза Алескеровтың, үкімет басшысы Артур Раси-заде және басқа да ресми адамдардың қабылдауында болады.

Келіссөздер барысында екі жақты қатынастар аясын кеңейту, Таулы-Қарабах шиеленісін реттеу және Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салу жобасын жүзеге асыру барысы туралы талқыланады.