Түркия телеарнасы көкпардан ІІ ашық Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетпек

Қос тарап қазақтың ұлттық спорт түрлерін түркітілдес бауырларымыздың арасында кеңінен насихаттау туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды аталмыш қауымдастықтың баспасөз қызметінен.

Түркиялық БАҚ өкілі өз телеарналарының техникалық мүмкіншіліктері ұлттық спортты жан-жақты және толық насихаттауға жеткілікті екенін және көрермендер арасында көшпелілердің дәстүрлі өнеріне деген қызығушылықтың жоғары екенін жеткізді. Жүздесуде Мұрат Акош пен Ерлен Оспан дәстүрлі спортты, соның ішінде көкпарды дамыту жоғары деңгейдегі насихат пен қамқорлықты қажет ететінін сөз етіп, алда бірлесіп жұмыстар жасауға уағдаласты. Әсіресе, келесі жылы Түркияда өтетін Көкпардан ІІ-ші ашық Азия чемпионатын алдын ала насихаттау, жарыстарды тікелей эфирде көрсету секілді маңызды мәселелерде келісімдерге келді.

Айта кетейік, TRT-AVAZ қоғамдық телеарнасы 8 мемлекетке хабар таратып, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан секілді бауырлас елдердің ұлттық өнері мен дәстүрінен хабардар ететін деректі фильмдер мен музыкалық бағдарламаларды көрерменге түрік тілінде ұсынады.