Түркия тұрғындары содырларды қолдады деп билікке қарсы шықты

Билікті «Ислам мемлекеті» лаңкестерін қолдады деп айыптаған шерушілер Үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Айтуларынша, ресми Анкара Сирия мен Ирактағы экстремистерге құпия түрде көмектеседі, тіпті қару-жарақ тасиды екен. Демонстранттарды елдің премьер министрі тыныштандыруға тырысты. Бірақ бұл әрекетінен еш нәтиже шықпаған соң, наразы топқа полицейлер резеңке оқ атуға мәжбүр болған.  Суручтағы кешегі жойқын жарылыста 31 адамның өмірі қиылған еді. Жүздеген тұрғын жараланды. Барлығы Сирияның Кобинаи қаласына көмек қолын созамыз деп жиналған күрд жастары. Ал лаңкестік әрекетті 18 жастағы жанкешті-бойжеткен жасаған. Түркия билігі шабуылдың «Ислам мемлекеті» лаңкестерінің ұйымдастырғанына сенімді.

Loading...