Сапар барысында Түркия үкімет басшысы Астана мен Алматыда болады.
Бүгін ол республика үкімет басшысы Даниал Ахметовпен кездеседі. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сол күні Р.Эрдоган ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен жүздеседі.
Түркия үкімет басшысы республика Елордасындағы Түркия елшілігінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсіміне және бизнес-форумның ашылуына қатысады.
27-мамыр күні таңертең Р.Эрдоган Алматыға келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздеседі. Сол күні Түркия үкімет басшысы "Жібек жолы" атты поезд ішіндегі көрменің ашылу рәсіміне қатысады.