Түркия үкіметі Семей орманшыларының қазасына көңіл айтты

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Абай облысында 14 орманшының қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қазақстанның дос әрі бауырлас халқына және үкіметіне көңіл айтамыз», - делінген ведомствоның Twitter-аккаунтында.

Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.


Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.