Түркияда 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Бұған қоса тоғыз ақпарат құралы, жеті газет, 500-ге жуық түрлі ұйымдар мен 18 қайырымдылық қорының жабылғаны да хабарланды.

Қазір Түркияда мемлекеттік қызметтен қуылғандар саны 110 мыңға жетті. Олардың қатарында судьялар, декандар, оқытушылар, әскерилер мен журналистер бар.

Биыл шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң 70 мың адам тергеліп, олардың 32 мыңы сот санкциясы бойынша қамалған.