Түркияда 21 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Cumhuriyet-тің хабарлауынша, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық қыз біраз уақыттан бері Түркияда отбасымен бірге тұрады, ол ата-анасымен ұрсысып, үйден шығып кеткен. Міне, содан бері 2,5 ай уақыт өткен, қыз үшты-күйлі жоқ. Ол үйден шыққанда өзімен бірге ешқандай құжат немесе ақша алмаған.

Басылым қыздың анасы дереу полицияға қоңырау шалғанын, бірақ оның сол күйі әлі табылмағанын хабарлайды. Таяу уақытта қыздың ата-анасы республикалық телеарнадағы бір бағдарламаға қатысып, өз басындағы жағдайлармен бөліспек.