Айта кетейік, Түркия билігі жұма күні кешке елде әскери төңкеріс жасау әрекеті болғандығын хабарлаған болатын. Ел президенті Ердоған бұны шағын бүлікшіл топ ұйымдастырып отырғанын айтып, халықты бүлікшілерге қарсылық көрсетуге шақырды. Соңғы мәліметтер бойынша оқиға салдарынан кем дегенде 120 адам қаза тапқан.