Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 16:50 шамасында Сейдишехир ауданындағы Йыйладжык пен Кетенджи ауылдарының арасында орын алған. Абырой болғанда әуе кемесінің екі ұшқышы да дер кезінде парашютпен секіріп, аман қалды.

Апат болған жерге жедел жәрдем мен құтқару қызметінің мамандары жетті, -  деп хабарлайды түріктің Haberler.com сайты.