Caravan Logo

Түркияда әуе шарларын қондыру кезінде 40 адам зардап шекті

Түркияда әуе шарларын қондыру кезінде 40 адам зардап шекті


Бұл туралы Dogan агенттігі хабарлады.

Оның дерегі бойынша, туристік экскурсиялар ұйымдары үшін қолданылатын үш шар жерге қатты қонған. Апат ауа райының кенеттен өзгеруі салдарынан орын алды. Кәрзеңкеде Еуропа мен Қытайдан келген туристер болған. 30-ға жуық адамға сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Тағы тоғыз туристің түрлі дене мүшелері сынып, ауруханаға жеткізілді.