Түркияда әуежайдағы терактіге қатысы бар деген 9 адам ұсталды


Құқық қорғау органдары Ыстамбұл, Измир қалаларында және қала маңындағы елді мекендерде іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция оқ қарулары мен электронды ақпарат тасымалдауыштарды тәркіледі. Қолға түскендер Ыстамбұлдағы терактіні жасаған уақытта ұйымдастырушылық және логистикалық көмек көрсеткен деп айыпталып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайының кіреберісі пен шығаберісінде және халықаралық терминал тұрағында жанкешті содырлар үш бірдей жарылыс жасады. Соңғы мәліметтер бойынша 42 адам қаза тауып, 239 адам зардап шеккен. Түрік билігі терактіні «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырлары ұйымдастырды деп хабарлады.