Түркияда Димаштың суреті салынған граффити пайда болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған Bastau деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз "Bastau" - Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!, - деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында. 

Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді. 

Айта кетейік, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақыты кеткен.