Түркияда Ердоғанның жақтастары Парламент сайлауында жеңіске жетті

Жұбайымен бірге түннен бері кірпік ілместен жеңісін тойлап жүрген премьердің қуанышында шек жоқ. Оның бұлайша шаттануының себебі бар. Өйткені, биылғы маусым айында ғана болған сайлауда да билік партиясы 40 пайыз дауыспен жеңіске жеткенімен, Ахмет Дәуітоғлы коалициялық үкімет құра алмаған. Амал жоқ, сайлау мерзімін қайта белгілеуге тура келді. Енді Әділет партиясына басқалармен одақтасып та қажет емес. Бұл жолы президент Ердоғанның жақтастары 50 пайыздай дауыс жинап, Үкіметті жеке жасақтауға құқық алды. Дегенмен, билік партиясының ұстанымдарымен халықтың бәрі бірдей бөліскен жоқ. Сайлау қорытындысымен келіспегендер Диярбақырда жаппай көтеріліске шықса, Сириямен шекаралас Нусайбин қаласында бір қонақүй мен бірнеше көлікті өртеп жіберген.

Loading...