Түркияда Фетхулла Гүленнің туған інісі ұсталды


Полицияның антитеррорлық бөлімшесі Кутбеттин Гүленді Түркия аумағында қолға түсірген. Оны өз туыстарының бірі "сатып жіберген" көрінеді. Қазір күдікті полиция бөлімшесінде қамауда отыр.

Ал, Фетхулла Гүлен болса өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындаған жоқ. Ол жазда Түркияда орын алған төңкеріс әрекетіне өзінің еш қатысы жоқ екенін айтады. Тіпті, өзін қуғынға салу үшін бұл оқиғаны қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоғанның өзі ұйымдастыруы мүмкін деген болжамын да мәлімдеп отыр.