Түркияда футболдан Қазақстан мен Өзбекстан чемпиондары жолдастық кездесуі өтіп жатыр

Кеше өткен жылғы Қазақстан мен Өзбекстан чемпионаттар жеңімпаздарының 2-құрамы кездескен болатын. Онда есеп 1:1 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде 50-минутта ташкенттік футболшылар сапынан Пауль Обиефуле өз командасын алға шығарған болатын. Бірнеше минуттан соң олар өз қақпасы маңында тәртіп бұзып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Бұл мүмкіндікті қарағандылықтардың жартылай қорғаушысы Асхат Борантаев мүлт жіберген жоқ.

Енді екі елдің бас командалары екінші кездесуге негізгі құрамдарын шығаруда. Миржалол Касымов жаттықтыратын ташкенттіктер 2008 жылы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалисі болды. Өзбекстан чемпионатында 2008, 2009, 2010, 2011 жылдары чемпион, 2007 жылы күміс жүлдегер, ал 2008, 2010 жылдары ел Кубогының иегері және 2007, 2009 жылдары финалист атанды. Виктор Кумыков тізгінін ұстаған "Шахтер" былтыр ел чемпионатында тұңғыш рет чемпион атағына қол жеткізген еді. Олар 1995, 2007, 2009 жылы қола жүлдегер атанып, 2009, 2010 жылдары Қазақстан кубогының финалисі болған еді.