Түркияда конституцияға қатысты референдумның соңғы қорытындылары мәлім болды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр. 

Енді Түркия конституциясына 18 түзету енгізіледі. Олар президентті парламент шешімімен емес, тікелей дауыс берумен сайлауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, премьер-министр лауазымы қысқартылып, министрлерді тағайындау құқығына президент ие болады. Сонымен бірге, мемлекет басшысы парламентті таратып, төтенше жағдай енгізе алады.

Еске сала кетсек, дауыс беру 16 сәуірде өтті.