Бұл туралы консулдықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.
Фильмнің режисері - Зүлейха Шенер. Мағжанның рөлін Түркияда дүниеге келген қандасымыз Баһадүр Хакім ойнайтын болады. «Фильмнің түсірілімі бүгін басталды. Түсірілімдер бүгіннен бастап 45 күн Түркияда, ал, көктемде тағы да 45 күн Қазақстанда өтетін болады. Премьераны 2015 жылы қоюды жоспарлап отырмыз», - деді Б.Хакім.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиеті көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жұлдыздардың бірі. 1919-1920 жылдары Мағжанның Ататүрік бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы «Алыстағы бауырыма» атты өлең жазғаны белгілі. Кейін бұл өлеңге Фейзуллах Будак өлеңмен жауап берген. Мағжан ақынға Түркияның ілтипаты ерекше. Анкара және Ыстамбұл қалаларында Мағжанға арналған ескерткіштер де бар.