Түркияда маймыл шешегін жұқтырғандар саны артты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елде бұл вирусты жұқтырудың 5 жағдайы тіркелген. Науқастардың бірі оқшауландырылып, қажетті медициналық көмек алып жатыр. Төрт адам толық сауығып, ауруханалардан шығарылды. Науқастармен байланыста болған адамдарда сырқаттану белгілері байқалмаған. Мамандар қарқынды бақылау жүргізіп, осы кезеңде вирустың басқа жағдайларын анықтаған жоқ.

Бұл ретте түрік мамандары маймыл шешегіне қарсы бұрын жасалған вакциналар вирустан 85% қорғайтынына және вакцинация кез келген індеттің алдын алудағы маңызды қадам екеніне сенімді.