Түркияда оққа ұшқан елшінің өлімін тергеуді БАҚ-тың жазуына тыйым салынды


Anadolu хабарлауынша, мұндай шешімді Анкара прокуратурасы шығарған.  

Сондай-ақ қылмыскер Мевлют Алтынташтың елші Андрей Карловты тапаншамен атып жатқан кезде түсірілген суреттерді жариялауға болмайды.  

Естеріңізге сала кетсек, 19 желтоқсанда Анкарада Қазіргі заман өнері орталығында сөз сөйлеп тұрған Ресей елшісі Андрей Карловқа оның жанында тұрған ғимарат күзетшісі Мевлют Мерт Алтынташ тапаншадан оқ атып, дипломат қаза тапты.