Түркияда полиция бөлімшесіне лаңкестік шабуыл жасалды

Түркияның Мардин провинциясы Мидиат ауданының полиция бөлімшесіне лаңкестік шабуыл жасалды. Бұл туралы арнамыздың Түркиядағы тілшісі Ержан Жүніс хабарлайды. Содырлар жарылғыш зат тиелген көлікті 5 қабатты полиция ғимаратының маңында жарып жіберген. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат келіп түскен жоқ. Оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметі келіп жеткен. Жойқын жарылыстан ғимараттың тас-талқаны шығып, айналадағыларға зақым келген.